Әуелбекова "Томиристі" сомдаған шәкіртінің ақшасын өз қалтасына басқаны рас па?

Отандық танымал әншіні жас шәкіртінің "Томиристегі" рөлі үшін алған жалақсысын өз қалтасына басып алған деген болжам бойынша айыптауда. Ел арасында қызу талқыға түсіп, шу тудырған оқиғаға қатысты сұрақтарға Мөлдір Әуелбекова жауап беріп, халық күдігіне нүкте қойды.
Анықталғандай, келісімшарт бойынша топтан тыс түсірілімдерден алатын қаламақы продюсерлік орталыққа тиесілі. Алайда, Әуелбекова бұл тұрғыда басқа көзқарасты ұстанатынын айтып, біреудің еңбегін жеуден аулақ екенін жеткізді. "Негізі продюсерлер өзге жобаларға өз қарамағындағы әртістерін жіберген кезде түбегейлі гонорарды өзіне алады. Бірақ мен ойлаймын біреудің ақысын жеуге ешқандай қақым жоқ. Ол өзінің еңбегі. Салтанаттың қазіргі таңда қаламақысының бірінші төлемі түсті. Бірақ менің оның бір тиынын да алғам жоқ. Алатын ойым да болған емес", - деп қайырды әнші.