Санжар Мәди АҚШ-та «Спорттық Оскарға» ие болды

Танымал қазақстандық актер Санжар Мәди АҚШ-та «Спорттық Оскар» сыйлығының иегері атанды. «Тұңғыш рет Нью-Джерси, Атлантик ситиде болып тұрмын. Жаңа жыл басталғалы алғашқы жұмыс сапарында кинода спортты насихаттағаным үшін «Спорттық Оскар» сыйлығын табыстап жатыр. Күтпеген сыйлық. Әлбетте, еңбегім сіңген әртіс болмасам да, бұл өте құрметті сый. Ары қарай көре жатармыз. Жаңа жылда өте қызықты жобалар жетерлік, бірақ әзірге Нью-Йоркке қайтып барамын», - деп жазды актер Facebook парақшасында.