» » Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

  Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан (35-0, 28 КО) және британдық Лиам Уильямстен (22-2-1, 17 КО) кейін үшінші орынға тұрақтады. Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгінге дейін өзінің соңғы айқасын Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

21 ақпан 2020 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930