» » Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал ұйымдастырды

Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал ұйымдастырды

  Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Судья үкімді жария еткеннен кейін сотталған Қайрат Ақшанов шешімнің әділетсіздігін мәлімдеді.
"Құрметті сот, бұл әділ шешім бе? Сізге қысым жасады ма? Үкім тым қатал! Іс бойынша шикі сәттер көп екенін білесіз", - деді Қайрат Ақшанов сотқа.
Ақшановтың сөзін басқалар да қолдады. Көбі жылап жіберді. Приставтар мен қарауылдар сотталғандарды тыныштандыруға тырысты және залдан шығаруға асықты. Ал судья Қайрат Қасымов өз сөзін аяқтамай залдан шығып кетті.
Сотталғандардың адвокаттары үкімге шағым жасайтындарын мәлімдеген. Олардың пікірінше, сот өте қатаң үкім шығарған.
"Бұл процесс бастапқыдан баспасөз бен халықтың назарын өзіне аударды. Резонанс туғызды. Жәбірленуші тарап арыз берген соң, халықтың қорғаушыларға деген біржақты көзқарастары пайда болды. Сондықтан сот біздің өтінішімізді қабылдамады. Біз істе құқық бұзушылықтар көп екенін бірнеше рет мәлімдегенбіз, бірақ бізді ешкім тыңдамады. Судья прокурордың қорытындысын толығымен қолдады", - деді құқық қорғаушы Ерлан Шолахов.
Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Судья Қайрат Қасымов үш сотталушыны өмір бойына, тағы төртеуін алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, сот олардан қоршаған ортаға залал келтірілгендері үшін өтемақы ретінде 89 миллион теңге өндірді. Сондай-ақ, жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды.
21 ақпан 2020 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031