Сот ісіне сенім артқан

Жартыжылдық қортыны жиында облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Соттар әкімшісі басшылықтарының жұмыстары талқыланды.
Облыста медиация тәртібін қолдану арқылы 896 іс шешімін тапқаны. Сондай-ақ 204 қылмыстық және 278 әкімшілік іс қаралған. Партисипативтік рәсім тәртібімен 16 іс, татуласу келісіммен 99 іс шешімін тапқан. Жиында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша Қызылорда қалалық сотының судьясы Камшат Садуақасова, сот имиджін көтеру, құқықтық насихаттау, БАҚ-пен байланыс жасау жұмыстары туралы Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ардақ Смағамбетова мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьясы Ғазиза Мұсабекова «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберінде республика соттарында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалардың нәтижесін сөз етті.
– «Виртуалды сот» және «Түнгі сот», «Судья көмекшілері» жобаларының сот жұмысы мен сотқа жүгінуші азаматтарға тиімділігін көрсетті. Тұрғындар бұл жобалардың пайдасын көруде. Мұны тұрғындардың виртуалды сот пен түнгі сот жобасын кең пайдаланғанынан байқауға болады, – деді ол.
Сонымен қатар Жоғарғы соттың судьясы сот ғимаратындағы сот музейі мен фронт-офисті аралап, күту залында орналасқан ақпараттық сервис, бітістіруші судья, медиатор мен адвокаттардың жұмысымен танысты. Және Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан қаланың тарихи музейін аралады. Кеңес отырысы тек жартыжылдық жоспармен шектеліп қалған жоқ. Біраз мәселе айтылды. Сондай-ақ тиісті мамандарға олқылықтардың орнын толтыру қатаң тапсырылды.
Мөлдір САБЫРЖАН