» » Пәтер тонаушылардан қалай сақтану керек?

Пәтер тонаушылардан қалай сақтану керек?

  Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы аймақта 2264 үйді ұры-қары үптеп кеткен. Ал ағымдағы жылдың алғашқы айының өзінде 163 үйге ұры түскен. Тұрғындар сақтық жасау үшін қандай қарапайым ережелерді ескергені жөн. Бұл жөнінде сала маманынан сұрап білдік.
 «Пәтер кілтін есік алдындағы кілемнің астына, почта жәшігіне немесе оңай табылатын жерге қалдырмау қажет. Шатырға шығатын сатыдағы торға және есіктегі тұтқаға үнемі жарық түсуін қадағалап, үйден шыққан кезде терезені мықтап жауып, кілтті табу қиын жерге жасырыңыз. Үйден жақын маңдағы дүкенге шықсаңызда есік-терезелерді міндетті түрде жабыңыз. Бірнеше күнге жолға шықсаңыз ол жөнінде ешкімге хабарламаңыз. Әлеуметтік желідегі парақшаларыңызға сапарда болғаныңыз туралы суреттеріңіз бен мәліметіңізді жолдан келген соң жариялағаныңыз абзал. Пәтерді жалға бергенде пәтер жалдаушылардың кім екенін анықтамай кіргізбеңіз. Ұзақ уақытқа кеткенде бағалы заттарыңызды өзіңізбен ала жүріңіз немесе темір сейфке салып оны еденге бекітіп кетіңіз. Күзету жүйесін ұялы телефонның GSM, радиобайланысы арқылы да орнатуға болады. Пәтерді автоматты қоңыраумен жабдықтаса ол бөтен адамдар кіргенде дабыл қағады», – дейді, Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Айнұр Жұмабаева.  
26 ақпан 2020 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031