» » "Ішпеймін де, шекпеймін де" Айжұлдыз Адайбекова жұртқа ағынан жарылды

"Ішпеймін де, шекпеймін де" Айжұлдыз Адайбекова жұртқа ағынан жарылды

  Отандық танымал әнші Жанар Айжанованың қызы желіде ерекше жазба жариялап, көпшілікке жан сырын ақтарған. Айжұлдыз Адайбекова зиянды заттардан аулақ болғаны үшін өзімен көбісі араласқысы келмейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
­
Айжұлдыз Адайбекова ішімдік пен темекі атаулысына мүлде жолап көрмегенін жеткізді.
­
Айжанованың қызы зиянды заттарға әуес болмауы да оған "кері" әсерін тигізе алатыны жөнінде Instagram парақшасында жазба қалдырды.
­
Жас дизайнер салауатты өмір салтын сақтап, ішпей-шекпей жүргені үшін көпшілік оны тақуа адамға теңегенін алға тартты. Ол бұл қасиеті үшін өзінен кейбір адамдар теріс айналғанын да айтты.
­
"Мен ешқашан ішіп те, шегіп те көрмегенмін. Кейбір адамдар мұны білген бойда, мені құдды бір тақуа жанға теңеп, менімен араласуды қояды.
Кейбірі тіпті сенбейді де. Біреуге бұл жайт таңғаларлықтай болады.
­
Негізінде мен нейтралды пікір ұстанатын адаммын. Бар айтқым келетіні: Достар бұл менің жеке таңдауым. Бұл жайт мені өзгеше немесе бөтен адам етпейді.
­
Тек бір нәрсені есте сақтаңыздар. Әркім өз іс-әрекеті үшін өзі жауапты. Сол себепті, өзге біреуді саусақпен көрсетіп, біреуді талқылауды қояйық" , -деп жазды Айжұлдыз.
01 наурыз 2020 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031