» » Коронавирус: президент жалақысын емге аударды

Коронавирус: президент жалақысын емге аударды

  АҚШ президенті Дональд Трамп 100 мың долларды коронавируспен күрес үшін аударды. Чек АҚШ денсаулық сақтау министрі секретариатының атына жазылған.
Трамп 2019 жылдың төртінші тоқсанында алған 100 мың долларын коронавируспен күреске аударды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады.
Гришем Twitter жазған постына чекті тіркеді. 
Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Трамп жалақысын дәстүрлі түрде түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге аударып тұрады.
Айта кетсек, қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 80 304 адам Қытайда, қалған 10 566 адам 72 елде тіркелген.
04 наурыз 2020 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031