Путин мен Трамп кездеседі

Болтон "Трамп Ресейдің Керчь бұғазында Украина кемелерін тұтқындағаны жөнінде мәселе көтере ме?" деген сұраққа Ақ үйдің ұстанымын бұған дейін БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейли білдіргенін айтты. Никки Хейли БҰҰ-да Ресейдің әрекетін сынға алған.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Трамп Аргентинада Путиннен басқа Германия канцлері Ангела Меркельмен, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.
Әлемнің экономикасы қуатты жиырма елі басшыларының саммиті 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді.