"Бақытты отбасы": бүгіннен бастап құжаттар қабылданады
"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Бақытты отбасы" бағдарламасының «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» бағыты бойынша 12-20 наурыз аралығында үміткерлерден құжат қабылданады.
Бағдарламаға көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.
Негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
- ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
- некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
- еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- бағдарламаға қатысуға білдірген өтініші (бұдан әрі – өтініш);
- өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
- өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
- неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
- өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
- соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама
- кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;
- Жоғарыда айқындалған санаттардың біріне өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (көп балалы отбасы, толық емесе отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы).
ҚТҚЖБ шотында қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарыздарын береді.
Кредит беру талаптары:
- қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;
- кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.
Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қабылдау орны: М.Шоқай көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-18-00- ге дейін, байланысу үшін: 24-80-97, 24-80-61.
Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі