» » «ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

«ОРДА» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

BREFING
   Аталған бағдарлама аясында сол жағалаудағы 250 пәтер ел игілігіне беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді.
«Орда» тұрғын үй бағдарламасы – үш жылға созылған өңірлік бағдарлама. Жобаға жыл сайын облыстық бюджеттен қайтарымды негізде 2 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа жергілікті билік бағдарлама қатысушылары үшін жаңа тұрғын үй салып немесе салынған пәтерлерді сатып алады. Бағдарламаға бірінші кезекте көпбалалы және толық емес отбасы, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы, балалар үйінің тәрбиеленушілері, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер және жас отбасылар қатыса алады. Ол үшін жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұру және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу қажет.
– Елімізде баспанасы жоқ жас отбасылар көп. Олардың бәрі бірдей бастапқы жарна жинай алған жоқ, алайда ай сайын белгілі бір сома аударып отыр. Сондықтан біз Қызылорда әкімдігімен бірге «Орда» аймақтық бағдарламасын әзірледік. Оған қатысушылар 8 жыл бойы жалға берілетін пәтерде тегін тұрады. Алайда осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа үй бағасының 50%-ын жинау керек, осыдан кейін пәтерді жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алады, – деді филиалы директоры Ә.Сәулебаев.
Бағдарламаға өтінішті 11 қаңтар мен 21 қаңтар аралығында «ЖССБ 24» интернет-банкингінде «жеке кабинет» арқылы беруге болады. Пулға шотында кем дегенде 500 000 теңге жинағы бар және ең көп ұпай жинаған азаматтар өтеді. Ұпай саны депозит мерзімі мен оның қаншалықты жиі толықтырылғанына байланысты анықталады. Мысалы, ауданы 58 ш.м болатын 2 бөлмелі пәтер 6 960 000 теңге тұрады. Аталған пәтерде 8 жыл бойы тұрып келген банк салымшысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына ай сайын 36 888 теңгеден аударып отыру керек. Жинақ жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы мен банк сыйақысы қосылып, үй бағасының 50%-на жеткен кезде, қалған 3 480 000 теңге несие түрінде ресімделеді. Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы 32 200 теңгені құрайды.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
17 қаңтар 2019 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031