» » "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 11-22 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ДЕМАЛАДЫ": МИНИСТРЛІК ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

"ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 11-22 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ДЕМАЛАДЫ": МИНИСТРЛІК ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

   
Әлеуметтік желілерде ел тұрғындарына 11-22 наурыз аралығында қосымша демалыс берілетіні жөнінде хабарлама тарады.  "ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы демалыс күндері деп жарияланды", - делінген хабарламада. Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпараттың жалған екенін айтты. "Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз, бұл жалған жаңалық", - деді ол. Ведомствоның мәліметінше, кез келген "тыйым салатын" құжаттарда "Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен" немесе "Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен" деген сөздер болуы мүмкін емес. Қазақстан бойынша шектеу шараларын жариялауға немесе тыйым салуға Денсаулық сақтау министрінің ешқандай өкілеттілігі жоқ. Қазақстан бойынша шешімді тек Үкімет қана қабылдайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда мектептер онлайн режимге көшуі мүмкін екенін хабарлағанбыз. Бас са­ни­­тарлық дәрігер Жан­дар­бек Бекшиннің айтуынша,  елде Сovid-19 тіркеліп, та­ралған жағдайда отандық білім ор­да­лары қашықтықтан оқы­туға көшуі ықтимал. Бұл шара тек жоғары оқу орындары мен колледждерді ғана емес, мектептерді де қамтымақ.Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз

turkystan.kz
12 наурыз 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031