» » Үйлену тойын өткізу кейінге қалдырылды

Үйлену тойын өткізу кейінге қалдырылды



        Вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды туған күндерін, үйлену тойларын өткізуді коронавирустың қауіпіне байланысты кейінге шегеруге шақырды, – деп хабарлайды zakon.kz.
Мен қазақстандықтарға үндеу тастағым келеді. Әркімге денсаулығы маңызды екені белгілі. Осыны дұрыс түсіну керек. Сондықтан қандай да бір жиын-той өткізер алдында ойланыңыз. Көп қонақ шақырмауға тырысыңыз. Тіпті тойды өткізу мерзімін кейінге шегеруге кеңес береміз, – деді Тоғжанов.
Айта кетейік, елімізде коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектеп оқушылары кезекті демалысқа бір апта бұрын жіберіліп жатыр: 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін. 13 наурыздан бастап жаппай қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады. Кинотеатрлар жұмыс істемейді, бірақ сауда орталықтары мен базарлар бұрынғыдай жұмыс істей береді. Азық-түлікпен халықты қамтамасыз ету мәселесі биліктің бақылауында.
12 наурыз 2020 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31