» » ҰБТ кейінге шегіріледі

ҰБТ кейінге шегіріледі

   
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақылы ұлттық бірыңғай тестілеудің кейінге шегерілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Кезекті ақылы ҰБТ наурыздың соңында өткізіледі деген жоспар болған. Біз осы тесті кейінге қалдырдық. Ал жазғы ҰБТ шегеріле ме, жоқ па, оған дейін әлі уақыт бар. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Жақындағанда нақты шешім шығарамыз», – деді Аймағамбетов арнайы баспасөз мәслихатында.

Тоқаевтың тапсырмасы

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі. 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.

12 наурыз 2020 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031