» » Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

Қазақстандықтарға кредитті кейін төлеуге мүмкіндік берілді

   
Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар үшін кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды салмау жөніндегі шектеуге қарамастан негізгі қарызды төлеу және займдар бойынша сыйақы беруді тоқтату қажет", - деді ол төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.
 Сонымен қатар президент көптеген қазақстандық жағдайдың қиындығына байланысты ломбард, онлайн кредит, микроқаржылық ұйымдарға барып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саладағы жағдайды бақылауда ұстау қажет.
"Сондықтан бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі, бас прокуратура, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заң сақталуы үшін ауқымды акция жүргізіп, заң бұзушыларды жауап тартуды тапсырамын. Бұл БАҚ-та және әлеуметтік желіде жариялануы қажет. Қиын жағдайда қазақстандықтар құқығының мемлекет қорғайтынын білуі маңызды", - деді мемлекет басшысы.
23 наурыз 2020 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031