» » Коронавирус жұқтырған азаматша үйлену тойында болғаны анықталды

Коронавирус жұқтырған азаматша үйлену тойында болғаны анықталды

  Әйел Өзбекстанда он төрт туысымен бірге үйлену тойында болған, қазіргі уақытта олардың барлығы оқшауланды
 Алматы облысында коронавирус жұқтырған екі тұрғынға қатысты ақпарат жарияланды.
Әкімдіктің мәліметінше, індет Қарасай ауданы Кемертоған ауылының 41 жастағы тұрғынынан табылған. Әйел аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен қарым-қатынас жасаған жасаған сегіз адам, оның ішінде науқастың жұбайы мен баласы да оқшауланды.Екінші дерек Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді, 60 жастағы Есік қаласының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Әйел жақында 14 туысымен бірге Өзбекстаннан үйлену тойынан оралған. 27 наурызда келгендердің барлығы оқшауланды.
30 наурыздағы мәлімет бойынша Алматы облысында індетке алты адам шалдықты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.

30 наурыз 2020 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031