» » Гүлшара Әбдіқалықова: Қызылордада коронавирусты кеш анықтау фактісіне қатысты тергеу жүргізіледі

Гүлшара Әбдіқалықова: Қызылордада коронавирусты кеш анықтау фактісіне қатысты тергеу жүргізіледі

  Бүгінде Қызылорда облысында COVID-19 жұқтырған 18 адам тіркелген.
Өңірдегі алғашқы пациент Оңтүстік Кореядан 1 наурыз күні келгенімен, коронавирус жұқтырғаны тек 28 наурыз күні белгілі болды. Осыған байланысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді.
28 наурыз күні шет елден келген қызылордалық тұрғын бірден оқшауланғаны анықталды. Көп ұзамай келіншек үйіне жіберілген. Бірақ ол өзін 27 наурыз күні жайсыз сезініп, ақ халаттыларға жүгінген. Одан алынған анализ нәтижелері коронавирустық инфекция жұқтырғанын көрсеткен.
Көп ұзамай қазақстандық азаматша медициналық мекемеге жатқызылды. Оның жағдайы орташа дәрежеде ауыр. Ол жөтелге, дене қызуының көтерілуі мен тамақ жыбырлауына шағымданған. Келіншекпен байланысқан 30 тұлға анықталды. Аталған жағдайға байланысты өңірдің жаңа әкімі Гүлшара Әбдіхалықова пікір білдірді.
«Коронавирус» диагнозы қойылған бірінші науқасқа қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі және қатерлі дерт белгілерінің кеш анықталуының себебі тексеріледі», – дейді облыс әкімі.
31 наурыз 2020 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031