Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді
Жағдайдың ушыға түскені ескеріліп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылданған
Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері он процентке индексацияланады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдемесінде айтты.
"Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар, оларлың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.", -деді президент.
Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін он пайызға индексациялауда тапсырдым.