Президент: 42 500 теңге мөлшеріндегі көмекті алатындардың саны артады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әлеуметтік төлемді үш миллионға жуық азамат алатынын мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырды.
"Енді 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады", - деді Тоқаев телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде.Оның айтуынша, бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.
"Жалпы үш миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі", - деп түйіндеді президент.