» » Қазалыда ауру анықталғаны туралы хабарлама таратқан кім?

Қазалыда ауру анықталғаны туралы хабарлама таратқан кім?

  Жуырда қазалылықтар арасында ватсап желісі арқылы ауданның Жанқожа батыр ауылы тұрғынынан коронавирус індеті анықталғаны туралы ақпарат тарады.

Онда «жергілікті тұрғындар жан-жаққа қашып жатыр, індет жұқтырған адам қалтырап ауырып жатыр» делінген. Хабарламаны жіберген азаматты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Ол Әйтеке би кентінің тұрғыны болып шықты. Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі осы орайда жалаң ақпаратқа сенбеу керектігін ескертеді. Ауруға қатысты ресми мәліметті www.coronavirus2020.kz сайты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ғана алу керек.

02 сәуір 2020 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031