104 жастағы соғыс ардагері өзінің туған күнінде коронавирустан сауықты
104 жастағы Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері туған күнінде коронавирусты жеңіп шықты.
Уильям Лэпшис АҚШ-тың Орегон штатындағы ардагерлер үйінде коронавирус жұқтырған. Алғашқы белгілері 5 наурызда пайда болған, содан кейін оны өз бөлмесіне оқшаулаған. Бір айдан аз уақыт ішінде ардагер COVID-19-дан толық сауықты.
1 сәуірде Уильям Лэпшис өзінің 104 жасын атап өтті. Бұл күні оған жанұясы келді, бірақ олар ардагердің алыстан құттықтау сөздер жазылған плакаттермен ғана құттықтай алды. Қазіргі уақытта пандемияның таралуына байланысты ардагерлер үйіне кіруге тыйым салынған: онда коронавирус ауруының 15 оқиғасы анықталып, екі адам қайтыс болған.
Лэпшистің күйеу баласының айтуынша, ол испан тұмауын, Ұлы депрессияны, Екінші дүниежүзілік соғысты және бірнеше ірі рецессияны бастан кешкен. Ардагердің отбасы Уильям Лэпшис коронавирустан емделген ең қарт адам деп танылуы мүмкін деп болжайды.