» » Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты басшылық қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Серік Жүсіпұлы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.
Облыс әкімінің орынбасары ретінде Серік Жүсіпұлы құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

06 сәуір 2020 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031