» » Министр 42 500 теңгені алу үшін қандай өзгеріс енгізілетінін айтты

Министр 42 500 теңгені алу үшін қандай өзгеріс енгізілетінін айтты

  Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгені алу кезінде туындап жатқан мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, министр банктерге үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. 42 500 теңгені аудару үшін есепшоты жоқ азаматтарға банктен шот ашуға бір ай уақыт беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Министр 42 500 теңгені алу кезінде туындап жатқан мәселелердің біріне тоқталды. 
"Өтінішті берген кезде, ақшаны аудару үшін есепшот көрсету қажет. Біраз азаматта мұндай есепшот жоқ болып шықты, өмірінде ешқашан ашпаған. Сондықтан олар өтініш толтырғанда, үлгермей қалатын болдық деп шот ашу үшін банктерге жүгіріп жатыр", - деді Нұрымбетов онлайн-брифингте. 
Осыған байланысты банктер де наразылық білдіріп жатқан көрінеді. 
"Сондықтан біз ойластырып, бір-екі күнде мынадай өзгеріс енгіземіз. Сіз өтінішті берген кезде, егер де банкте шотыңыз болмаса, шотты көрсететін жерге ештеңе жазбайсыз. Біз өтінішті қабылдаймыз, әлеуметтік төлем тағайындаймыз. Сөйтіп сіз есепшотты ұсынғанға дейін күтеміз. Бір айға дейін күтеміз. Шотты алған соң, ақшаны аударамыз", - деп түсіндірді министр. 
Ол қазақстандықтарды өтінішті алдын ала беріп, кейін асықпай, есепшотты ашуға болатынын айтты. Осы орайда ол банктерге үндеу жасады. 
"Өз кезегінде, мен бүкіл банкке үндеу жасағым келіп отыр. Қазіргі қиын кезеңде біз секілді "бір терезеден" халықтың өтінішін қашықтан қабылдап, мәліметтерін алып, есепшотын сырттай енгізіп, карталарын әзірлеп, үйіне жеткізіп беруге шақырамын", - деді ведомство басшысы.






06 сәуір 2020 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031