» » Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды

  Медицина қызметкерлері қауіпті вирусты жұқтырған жағдайда екі миллион теңге сақтандыру төлемі беріледі.
Қазақстанда 120 медицина қызметкері індетке шалдықты. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
"Медициналық қызметкерлердің арасында 120 адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде 67 адам – науқастар мен коронавирусқа күдікті адамдармен жұмыс істегендер", деді Есмағамбетова онлайн брифингте.
Олардың біреуі ауыр хәлде жатыр. Тоғызының жағдайы орташа. Қалған 57 медицина қызметкерінде ауру жеңіл формада өтіп жатыр.
Медицина қызметкерлері вирус жұқтырған жағдайда екі миллион теңге сақтандыру төлемі беріледі. Егер қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге өтемақы төленеді.
"Қазіргі таңда оларға төлем төленген жоқ. Вирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге төлем төлеу тәртібін қарастыратын нормативті құқықтық актінің жобасы әзірленді", - деді ол.






06 сәуір 2020 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031