» » "Қоштасуға 30 минут беріледі": бас санитар індеттен көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты

"Қоштасуға 30 минут беріледі": бас санитар індеттен көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты

  Бас санитардың арнайы қаулысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі бекітілді.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен арнайы қаулыны бекіттім. Онда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі де көрсетілді. Осы вирустан көз жұмғандардың ағзасын ашып қарамайды. Мәйіт туған-туыстарына да берілмейді", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, марқұммен қоштасуға 30 минут уақыт қана беріледі. Соның өзінде 3 метр алшақ тұру қажет. Ондайда тек жақын туыстар мен бір дін қызметкері ғана болуы шарт.
"Марқұмды жерлеу кезінде барлық эпидемиологиялық шаралар ескеріледі. Осының бәрін санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мен жергілікті билік өкілдері міндетті түрде бақылап тұруы қажет", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.






01 сәуір 2020 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031