Қытайлар «Коронавирус Қазақстанда жасалған» деген ақпарат таратты
Kyzylorda-news.kz. Қытайдың жетекші ақпарат ресурстарының бірі Sohu.com порталы COVID-19 коронавирусының таралуына қатысы бар күдіктілер мәселесін көтеріп, коронавирус Хубэй провинциясында таралудан бұрын Қазақстанда пайда болған болуы мүмкін екенін хабарлады, – деп жазады qamshy.kz.
Ақпарат ресурсы «Қазақстанда кейбір азаматтар биліктен бұл жағдайды тексеруді талап етіп жатыр» деп хабарлады.
Сайттағы дерекке сай, ҚР билігіне сұрау салған бұл адамдар ДДҰ өкілдерін шақырып, Қытай Халық Республикасының, ТМД елдерінің микробиологтарымен бірлесіп, АҚШ мамандары жұмыс істеген медициналық орталықтар мен Жамбыл облысындағы жұмыстарды тексеруді талап еткен.
Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанның отандық академиялық «Вирус» журналы (Вирус, 2019, 11, 356, DOI: 10.3390 / v11040356) 2019 жылдың сәуірінде мақала жариялаған.
Онда бірқатар америкалық және қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа түрін зерттегені айтылған.
«Жақында Қазақстандағы Yvision ресурсы Алматыдағы Орталық анықтамалық зертхананың (CRL) қызметкері өзі істейтін агенттіктің коронавирус жасағанын растады деп хабарлады», – делінген Sohu.com сайтында.Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, зертхана АҚШ әскери күштерінің қаржылай қолдауымен құрылған және әлі күнге дейін Вашингтон өкілдерінің бақылауында.
Ақпарат ресурсы «Қазақстанда кейбір азаматтар биліктен бұл жағдайды тексеруді талап етіп жатыр» деп хабарлады.
Сайттағы дерекке сай, ҚР билігіне сұрау салған бұл адамдар ДДҰ өкілдерін шақырып, Қытай Халық Республикасының, ТМД елдерінің микробиологтарымен бірлесіп, АҚШ мамандары жұмыс істеген медициналық орталықтар мен Жамбыл облысындағы жұмыстарды тексеруді талап еткен.
Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанның отандық академиялық «Вирус» журналы (Вирус, 2019, 11, 356, DOI: 10.3390 / v11040356) 2019 жылдың сәуірінде мақала жариялаған.
Онда бірқатар америкалық және қазақстандық ғалымдар коронавирустың жаңа түрін зерттегені айтылған.
«Журналда АҚШ-тың жоғарыда аталған коронавирус туралы зерттеулері 2017 жылдың сәуірінен мамырына дейін жүргізілгені, Америка ғалымдары COVID-19-ды зерттеуді тіпті ерте бастағаны жазылған», – делінген Sohu.com сайтында.