ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

Бірлескен жұмыс барысында хирургтар мен медициналық қызметкерлердің қолдарын, сондай-ақ операциялық және инъекциялық алаңды өңдеуге арналған тері антисептигі әзірленді. Оның тиімділігі М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының аккредиттелген зертханасының қорытындысымен расталды, - делінген хабарламада.
Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдік экстрактілерін дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерінің құрамында пайдалану бойынша зерттеулер жүргізуде. Химиялық компоненттерді өсімдік сығындыларына ішінара ауыстыру тиімді және қолдануға ыңғайлы жаңа препараттарды шығаруға мүмкіндік береді.