» » Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы экспресс-тест тапсыру басталды

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы экспресс-тест тапсыру басталды

  Ең алдымен коронавируспен күрес шараларына қатысып жатқан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері тест тапсырады.
 Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирусқа қарсы экспресс тестілеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Нұр-Сұлтан қаласына экспресс тесттер жеткізілді. Тестілеу бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша өткізіледі. Нақты тәртібі бар. Ең бірінші коронавируспен күрес шараларына қатысып жатқан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері тест тапсырады. Сосын диспансерде жатқан науқастар мен медицина мамандары тестілеуден өтеді. Осы жұмыс бүгін басталады", - деді басқарма басшысы Сәуле Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде медицина мамандарында қорғаныс құралдары жеткілікті. Тәртіп бойынша оқыту шаралары да ұйымдастырылады.

"Жалпы, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жіті бақылауда. Соңғы үш тәуліктің ішінде коронавирусты жұқтырудың бірлі-жарым жағайлары тіркелген", - деп атап көрсетті Қисықова.






08 сәуір 2020 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031