» » Коронавирустан жазылған адам вирус тасымалдаушы болып қала бере ме?

Коронавирустан жазылған адам вирус тасымалдаушы болып қала бере ме?

  Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавируспен ауырған адам инфекция тасымалдаушысы болып қала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Сәуле Қисықованың айтуынша, коронавирус инфекциясымен ауырған науқас ауруынан толық айыққан уақытта ғана медициналық мекемеден шығарылады.
Коронавирус жұқтырған адамды емдеу 2 аптаға созылады. Процедура хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
2 апталық кезеңнен кейін COVID 19 инфекциясына қайта тексеру үшін пациентке зертханалық сынамалар жасалады. Бір тәуліктен соң тест тағы қайталанады.
Егер пациентте сынама екі рет инфекцияның жоқ екендігін көрсетсе ғана ол ауруханадан шығарылады.
Мұндай жағдайда тасымалдау туралы айту мүмкін емес дейді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың басым бөлігінде аурудың беліглері мен дене қызулары жоқ.

08 сәуір 2020 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031