Енді 42 500 теңгені үйден шықпастан алуға болады
Қазақстандықтар алдағы жұмадан бастап әлеуметтік көмек алуға қажетті шотты банкте бармастан, онлайн аша алады. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алуға қажетті шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйден шықпастан ашуға болады.
Төтенше жағдай мен карантинге байланысты берілетін көмекті алу үшін банкте шотыңыз болуы керек. Сондықтан банктерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Көпшілік мұның қазіргі кезде қауіпті екенін білсе де, банк бөлімшесіне баруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.
Осыған орай Kaspi.kz компаниясы ерекше сервисті іске қосты. Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады.
"Біздің команда рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында үйден шықпастан ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады", - дейді Каspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік көмек үшін нөмір алуға болады. Пластикалық картаны дәл қазір алудың қажеті жоқ. Kaspi.kz қосымшасында картасыз аударым, төлем жасап, сатып алуға және Kaspi банкоматтан комиссиясыз ақша шеше аласыз. Ал дүкендерде сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық картаны төтенше жағдай мен карантин біткен соң алуға болады.