» » Алматыда лифт түймесіне түкірген ер адам қандай жазаға кесілгені белгілі болды

Алматыда лифт түймесіне түкірген ер адам қандай жазаға кесілгені белгілі болды

  Қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен 1979 жылы туған азамат кінәлі деп танылды. Алматыда лифт түймелеріне түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Алатау ауданының полиция қызметкерлері  "Алатау сити" тұрғын үй кешенінде жедел саты түймелеріне түкірген адамды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан болатын.
"Оның заңсыз әрекетін бейнебақылау камералары жазып алған. Дереу Әкімшілік кодекстің екі бабы: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6 бөлігі – төтенше жағдай режимін бұзу бойынша материалдар жиналды", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.
Оның айтуынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылы туған азамат кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.
"Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын полиция департаментінің қабылдап-тарату орнына орналастырылды", - деп тйіндеді Өмірсеріков.
Бұған дейін құқық бұзушы қатты өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған болатын. 







13 сәуір 2020 ж. 380 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031