» » Қызылорда: Төтенше жағдай талабын бұзған 99 тұлға қамауға алынды

Қызылорда: Төтенше жағдай талабын бұзған 99 тұлға қамауға алынды

  Kyzylorda-news.kz. Облыста төтенше жағдай талаптарын бұзудың 331 дерегі анықталды. Соңғы тәулік ішінде 425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқық бұзушылық анықталды. 
Қала төңірегінде – 38, Қармақшыда – 10, Жалағаш-1 және Байқоңыр қаласындағы өкілдік арқылы 2 дерек анықталды.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралып, 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды.
Көрінеу жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыс бойынша 35 бекет қойылды. Облыс аумағына кіретін автожолдарда азаматтарды медициналық тексеруден өткізу мақсатында 3 санитарлық-өткізу бекеттері жұмыс атқаруда.Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда жүргізіл жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 43 пайызға, ал жол-көлік оқиғалары 25 пайызға азайып отыр.

13 сәуір 2020 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031