» » ТОЙ ЖАСАҒАН ТҰРҒЫН ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРМЕК

ТОЙ ЖАСАҒАН ТҰРҒЫН ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРМЕК

  Қызылорда қаласы әкімінің тапсырмасымен төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған ЖЕДЕЛ ШТАБ  қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтың төрағалығымен 16 наурыздан батсап түнгі рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде.


Рейд барысында көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары қамтылуда. 
Нәтижесінде, 22 наурыз күнгі рейд барысында үйінің ауласында жиын өткізген қала тұрғыны анықталып,  той иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
ЖАЛПЫ, төтенше жағдай режимін бұзып, өз жұмысын жалғастырған 12 ІС СОТҚА ЖОЛДАНҒАН. ОНЫҢ 11-і кафе-ресторан әкімшілігі болса, 1-еуі отбасылық жиын өткізген той иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Хаттама толтырылған тұлғаларға 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза қолданылады.
БАРША ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ТАРАЛУЫН АЛДЫН АЛУДА ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ТАНЫТЫП, ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! БҰЛ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!  

qorda.kz

24 наурыз 2020 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031