» » Қызылорда түрмелерінде де қауіпті індетке қарсы шаралар күшейтілді (ФОТО)

Қызылорда түрмелерінде де қауіпті індетке қарсы шаралар күшейтілді (ФОТО)

  Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық шараларды күнделікті жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, карантиндік режим қатаң сақталынып, ішкі және сыртқы аймақтар дезинфекциялануда. Жатақхана, өндірістік орындар, асханада санитарлық жұмыстар міндетті түрде күнделікті  жүргізіледі.
Ғимараттың іші-сырты тазартылып, бөлмелер желдетіліп, қызметкерлер мен сотталғандардың үнемі медициналық бетперде тағуы қатаң қадағаланған.
Сонымен  қатар, мекеме дезинфекциялау мақсатында тоннель компрессорге қосылды. Бұл дезинфекциялау тоннелі мекеменің бақылау өткізу алдына орнатылды.
Мекемеге келушілер тоннель арқылы өткен соң, мекеме ішінде де,сыртында да қауіпсіз қалыпта болады.
15 сәуір 2020 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031