» » Әскердегі сарбаздар мен қызметкерлерге ата-анасымен кездесуге тыйым салынды

Әскердегі сарбаздар мен қызметкерлерге ата-анасымен кездесуге тыйым салынды

   
Төтенше жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға әскерилер де белсене атсалысып жатыр. Нысандарды дезинфекциялау, блокпосттардағы кезекшілік атқаруды мүлтіксіз орындап жатыр. 
Халықтың қауіпсіздігі үшін күні-түні қызмет етіп жатқан жауынгерлердің еңбегі орасан зор. Карантин кезіндегі қарбалас жұмыс жайында Қарулы Күштер Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев айтып берді.
– Ең алдымен, бұл халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды жұмыс екенін баса айтқым келеді. Барлық әскерилер коронавирустың қандай қауіпті және оны жұқтырудың алдын алу жолдары қалай екенін біледі. Санитарлық бақылау және өңдеу шаралары қатаң тәртіппен қадағаланады. Қызметтік бөлмелер мен казармаларды дезинфекциялау күнделікті жүргізіледі. Бүгінгі күні әскери бөлімдерде жеке тазалық үшін дезинфекциялық құралдар бəрі үшін қолжетімді. Сондай-ақ әрбір әскери қызметшінің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің барлық медицина қызметкерлері жеке құрамның көңіл күйіне үздіксіз бақылау жүргізеді.
– Қашықтықтан жұмыс істеуге көшу жоспарда бар ма?
– Жоқ, ол мүмкін емес. Әскери қызметшілер қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне өте алмайды. Олар карантин туралы айтпағанда, тіпті әскери іс-қимылдар жағдайында да міндеттерді орындауы тиіс. Жауынгерлік даярлық ешқандай жағдайда да зардап шекпеуі қажет. Бірақ бізде бүгін көпшілік жиналатын іс-шаралар тоқтатылды. Әскери қызметшілердің бір бөлігі кестеге сәйкес демалысқа жіберілді. Жауынгерлік дайындыққа байланысты емес міндеттерді, кеңсе қызметтерін орындайтын азаматтық персонал қашықтықтан, яғни үйде жұмыс істейді. Күн сайын әскери бөлімдерден тысқары шығатын келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бөлімде, тәулік бойы болатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден бөлек жүзеге асырылады.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және әскери оқу орындары курсанттарын босатуға жəне олардың туыстары мен жақындарына баруға тыйым салынады. Бірақ олармен қарым-қатынас жасау үшін смартфондарды пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Сондықтан ата-аналар сарбаздар үшін уайымдамаса да болады. Тыныштық әрдайым басты назарда болып отыр.
– Басшылық құрамның қауіпсіздігі үшін қосымша шаралар қабылдана ма?
– Барлық әскери қызметшілер үшін кешенді іс-шаралар штаттық режимде жүзеге асырылады: дезинфекция, санитарлық өңдеу, жеке тазалық ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар да қарастырылады. Бірақ, барлық кеңестер тек селекторлық режимде өткізіледі. Бұдан басқа, Қорғаныс министрінің өзара алмастырушы басшылары мен орынбасарлары арасындағы тікелей байланыстар алынып тасталды. Осыған ұқсас ережелер Қорғаныс министрлігінен жеке әскери бөлімге дейін басқарудың барлық деңгейлерінде енгізілді. Бұл сақтық шаралары мемлекеттік қажеттілік мақсатында ұйымдастырылған Қарулы Күштердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Басты мақсат – жауынгерлік талапты сақтау. Ол үшін тиімді іс-әрекеттер алгоритмі алдын ала жан-жақты ойластырылған.
 "Айқын" ақпарат

23 наурыз 2020 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031