» » Қалалық білім бөлімінде жаңа басшы

Қалалық білім бөлімінде жаңа басшы

  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың №20-41-9.52 санды қарарына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-1-бабына сәйкес Қызылорда қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы болып Баймұрзаева Динара Қонақбайқызы тағайындалды.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Камбозұлы жаңа басшыны онлайн конференция арқылы директорлар мен балабақша меңгерушілеріне таныстырып, тағайындады.
Динара Баймұрзаева 1982 жылдың 20 маусымында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. Мектеп директорының орынбасары, қалалық білім бөлімінің әдіскері, бас маманы, Басқарманың бөлім басшысы, мектеп директоры қызметін атқарған.
Осы кезге дейін Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің директоры қызметінде болған.

17 сәуір 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031