Қызылорда облысында 17 адам қауіпті індеттен жазылды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 17 адамға жетті.
17 сәуір 15:00-дегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 4 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 17 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 10, ал, Шиелі ауданында – 1 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.
Олар аладғы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.