"Мен клоун емеспін!" Көз жасына ерік берген Нұрлан Еспанов ашық сұхбат берді. (Видео)

Нұрлан Еспанов өнер саласында өзіне осындай образды не себепті қалыптастырғанына қатысты бар шындықты айтты.
"Біреулер маған "Нұреке неге өзіңізді салмақты ұстамайсыз? Неге салмақты етіп көрсетпейсіз? Әр жерде күле бересіз" дегендер болды. Мен оларға "Жылап жүрейін бе енді? Эфирден жылағанымды көргілерің келеді ме? Жылап берейін бе? Бізде жылайтын нәрсе көп. Қайтесіңдер менімен бірге жылап? Менің қайғырғаным сіздерге керек пе?" дедім.
Бір клоун айтқан болатын "Әрдайым көңілді жүретін адамның жаны жаралы" деп.
Никулин болса, "Кекшіл болудан аулақ болыңыз. Бар болғаны бақытты болып кетіңіздер, көреалмаушылар мұны көтере алмайды" деген болатын. Сол сияқты көп нәрсені ойлану керек.
Олар өмірді бізден бұрын көріп қойған азаматтар ғой. Менің киноға түскенімді де дау жасағандар болды. Мен шынайы адаммын. Мен солай қалыптастым. Менің эфирдегі бағытым сол - күлу, солай күліп өтемін.
Мен жақсы қызметке тұрғанда тоқтаймын. Өнер де, адамдар да, ішкі сезімім де маған белгі береді. Өнердегі төзім деген нәрсе бар. Біз бал жеп жүр деп ойламаңыздар. Біз де қиналамыз.
Ал егер өнер сондай белгі беріп жатса, әдемі кетуді ойлау керек. Әдемі кетуді армандап, соған әрекет ету керек. Не дегенмен менің заманауи әншілер мен алдыңғы буын өнер иелерінің арасында да абыройым бар" , - деді Еспанов.