Сәдуақасова: "неге істегенін түсіне алмадым"

Шоу-бизнес жұлдызы жолдасы аталмыш фотосессиядан ерсі ештене көрмегенімен, өзіне бір талап қойғанын айтты.
Шоу-бизнес жұлдызы жолдасы аталмыш фотосессиядан ерсі ештене көрмегенімен, өзіне бір талап қойғанын айтты.
"Мен халықтың бұл суреттерді, бұл фотосессияны неге солай қабылдағанын түсінбедім. Халық желіге неше түрлі нәрсе жазыпты. Шынымды айтсам, неге бұлай істегенін түсіне алмадым. Өйткені, сол күні тура фотосессия алдында біздің стилистіміз келе алмай қалды. Және сол киімдер менің күнделікті киіп жүрген, өмірде же, түрлі түсірілімдерде де киіп шыққан киімдер. Көбісі "жолдасы қайда қарап отыр?" дейді. Менің жолдасым қарайды да, ерсі ештене көрмейді. Өйткені, ол режиссер.
Ол маған жаман көзбен қарамайды. Ең бастысы, жиіркенішті немесе сүйкімсіз болса айтады. "Мынауың артықтау" дейді. Енді клиптерде купальникпен жүргізбейді. "Сүйген жүрек" әнінің бейнебаянында мен купальникпен шыққанымда ешкім ештеңе деген жоқ. Бірде-бір адам. Бірақ, қазір неге олай болып қалғанын түсінбедім" , - деді Сәдуақасова.