» » Діни басқарма төтенше жағдайда кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын айтты

Діни басқарма төтенше жағдайда кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын айтты

  Рамазан айында адам аурудың белгілерін байқаса, оразаны тоқтатып, артынан қазасын өтеуіне болады. Ол үшін дәрігердің кеңесін алу қажет
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын мәлімдеді.

Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, Рамазан айында адам аурудың белгілерін байқаса, оразаны тоқтатып, артынан қазасын өтеуіне болады. Ғалымдардың пәтуасы бойынша оразаны тоқтату үшін білікті әрі сенімді мұсылман дәрігерінің кеңесі болуы қажет.   
"Ал коронавирусқа байланысты адамның иммунитеті әлсіреп, аурудың белгілері пайда болса, оразасын тоқтатып, басқа күндері өтеуіне рұқсат етіледі", - деді Оңғаров бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде індетпен күресу жолында алғы шепте жүрген мамандар да оразаны артынан өтеп бере алады.  
"Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері – ұшқыш, дәрігер және тағы басқа, кенші, металлург сияқты ауыр жұмыс иелері, қауіпті нысанда жұмыс істейтін құрылысшы және тағы басқа адамдар ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Жалпы, дәрігерлер қауымына алғысымыз шексіз. Алла тағала ол кісілерге қуат берсін. Осындай дәрігерлер сияқты ауыр жұмыс істеп жүрген жандар ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады, яғни басқа уақытта қазасын өтеп бере алады", - деп түсіндірді Оңғаров.






21 сәуір 2020 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031