» » Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

  Қолма-қол ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың бірінші маусымынан бастап күшіне енеді. Қазақстанда заңды тұлғаларға банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.
Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банктегі шоттардан шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның шекті сомасын белгіледі:
  • шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
  • орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
  • ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.
"Жаңашылдық көлеңкелі экономиканы азайтуға, бизнес субъектілері операцияларының айқындылығын арттыруға, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы күреске және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Тағы оқыңыз: Ұлттық банк 500 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады
Айтуынша, шектеудің қолданылу мерзімі – осы жылдың соңына дейін.
Егер компанияға бір айда белгіленген лимиттен артық ақша шешу қажет болса, онда екінші деңгейлі банкке тиісті негіздемемен жүгіну керек. Банк соманы ұлғайту туралы өтінімді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі. Осыдан кейін ғана барып компанияға рұқсат беріледі.
Шектеу кімдерге қатысты емес
  • жеке тұлғаларға;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
  • ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімін, балық өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
  • тамақ өнімдерін, сусын, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға;
  • екінші деңгейлі банктерге;
  • "Қазпошта" АҚ;
  • банктік емес ақша айырбастау пунктеріне.






22 сәуір 2020 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031