» » Ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге 100 млрд теңге бөлінді

Ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге 100 млрд теңге бөлінді

   Ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеруге 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
«Келесі мәселелер блогы бұл – шағын және микро бизнесті дамыту. Жұмыссыздықты азайту және ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру аясында Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мемлекет басшысы бизнесті дамыту үшін бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын Есеп комитетіне Қаржы министрлігімен бірлесіп ерекше бақылауға алуды тапсырды», - деді ол бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың соңына дейін микро және шағын бизнес компанияларын олардың табыстарынан үш жыл мерзімге салық төлеуден босату жөніндегі заңнамалық негіз әзірленеді. 2020 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу күшіне енеді.
«Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі. Ол да шағын бизнесті ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Капиталдарды шығарумен, салық төлеуден бас тартумен күрес қатаңдандырылады», - деді бірінші вице-премьер.
Ә.Смайылов жақында экономикалық тергеу қызметінің жұмысы қайта қалыптастырылып, оңтайландырылғанын еске салды.
«Президент салық жүйесін ұлттық табысты барынша әділ бөлуге назар аудара отырып, жаңғыртуды тапсырды. Компаниялар үшін адами капиталға, еңбек өнімділігін арттыруға, техникалық қайта жарақтандыруға, экспортқа инвестиция салуға ынталандыратын ағымдағы салық жүйесінің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Салық кодексінде көзделмеген төлемдерге, алымдарға тыйым салынады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
03 қыркүйек 2019 ж. 1 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031