» » Волонтерлер байқауы

Волонтерлер байқауы

  
   
Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының қолдауыменен «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылордада жалпыұлттық «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында волонтерлер байқауы жарияланады.
         Байқаудың мақсаты: «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында Қызылорда облысының ауылдық орта білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына (8-11 сынып) арналған ҰБТ-ге, олимпиядаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысу, компьтерлік және құқықтық сауаттылық, ағылшын тілін үйрету бойынша қосымша дайындық сабақтарын жүргізу үшін волонтер мұғалімдерді, студенттерді, қоғамдық ұйымдардың белсенділерін, білікті мамандарды тарту және 100 адам көлемінде волонтерлерді іріктеу байқауын ұйымдастыру.
         Байқау кімдерге арналған және кімдер қатыса алады? «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында ұйымдастырылып жатқан байқау Қызылорда облысының волонтерларына, қоғамдық ұйымдарының белсенділеріне, білікті мамандарына, кәсіби мұғалімдеріне және студенттеріне арналған. Байқауға барша ниетті адамдар қатыса алады.
         Байқаудың талаптары:
  • Түйіндеме (Қазақ және орыс тілінде);
  • Фото (10-15 форматында 2 сурет ұсыну: 1 сурет ресми, 1 сурет бейресми);
  • Дипломның көшірмесін және жеке басын куәландыру құжатын ұсыну (егер сіз студент болсаның оқу орнынан анықтама ұсыну);
  • Біліктілігіңізді дәлелдеу мақсатында портфолио ұсыну;
  • «Мен неге «BIRGEMIZ BILIM» жобасының аясында  волонтер болуым керек?!» – деген тақырыпта 1 минуттық өзіңіздің видеоңызды ұсыну;
  • Өз салаңыз бойынша жетістіктерді ұсыну (5-ден кем емес дәлелдеуші құжаттарымен);
         Қосымша ақпарат: «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында Қызылорда облысы бойынша орталығы – «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қоры, +7 747 486 03 04.
15 сәуір 2020 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031