» » Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма?

Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма?

  Kyzylorda-news.kz. Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтардың бірі бетке крем жағып, боянуға бола ма? Бұл сауалға Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің ұжымы жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дін өкілдерінің сөзінше, терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды.
«Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұруға және жараның бетіне дәрі таңуға болады. Тек крем мен майды пайдаланған кезде қатты қалыңдатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алған кезде суды теріге жібермеуі мүмкін. Расында оразаны сырттан ішке кірген нәрселер бұзады. Сондықтан бетке, қолға жағылған түрлі жақпаларды лак секілді заттарды қолдану оразаға кедергі емес. Алайда аталмыш майлар, лактар денеге су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін алынатын дәреттен бұрын сүртіп не өшіру қажет болады», – дейді мамандар. Сонымен қатар дін мамандары ораза кезінде біреуге тіл тигізіп, ғайбат сөйлеп, өсек айтудан тыйылуға шақырды. Бұл оразаны бұзбағанымен, шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу үлкен күнә дейді мамандар
29 сәуір 2020 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930