Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер

PF құралын дұрыс таңдамау Күннің зиянды сәулесі терінің тез қартаюына себепші болады. Сондықтан кез келген SPF сүзгісі бар құралдар сәуледен қорғауға негізделіп жасалады. Шындығында, ешбір құрал теріні зиянды сәуледен 100 % қорғамайды. Теріңіздің түсі ашық болған сайын SPF деңгейі де жоғары болуы тиіс. Спрейді сыламау Күннен қорғайтын құралдардың спрей түрінде сатылатын түрлері де бар. Оны теріге бойлату жеңілірек, себебі оны теріге тек шаша саласыз. Көпшілік жіберетін қателіктің бірі — сондай спрейлерді теріге шашқан соң сыламау. Сондықтан оны да крем секілді теріге шашқан соң, тегіс етіп жағып шығу қажет. Күннен қорғайтын құралды ғимаратта қолданбау Кей адамдар күн сәулесі әйнектен өтпейді деп қателеседі. Егер сіз көлікте отырсаңыз немесе жұмыста терезенің жанында отырсаңыз, теріңіз қорғанысты қажет етеді. Сондықтан жаз мезгілінде күннен қорғайтын құралдарды күнде жағып шыққан жөн.