Жоғары мен төмен
Құран аяттарының бірінде Алла алдымен Адамды жаратып, одан кейін ұйықтап жатқанында қабырғасынан әйелді жаратқаны айтылған. Ер мен әйелді бір бүтін дей тұра екіге бөлудің қандай қажеттілігі бар және әйел мен еркектің қандай айырмашылығы бар?
Еркек пен әйел тең бе? Қоғам еркек пен әйелдің физологиялық, психологиялық жағынан айырмашылығы бар екенін мойындағанымен, заң жүзінде тең деп жариялаған. Себебі қазіргі қоғамда еркектің жұмысын әйел адам да жасай алады. Әйелдердің басым көпшілігі жұмыс жасап, жеке бизнеспен айналысып, қоғам саясатына белсене араласып, басшылық қызметке дейін жетуде. Тіпті қара күшті қажет ететін ауыр атлетика, бокс, каратэ т.б көптеген еркекке тән спорт түрлерімен әйел адамдар да айналысуда. Байқағанымыздай ер мен мен әйел теңдігі тек іс жүзінде ғана.
Дәстүр мен дін не дейді?Ал дәстүр мен дін жағына келсек еркек әйелден үстем болған. Демек әйелдер қырық жанды екенмін деп өзінің нәзік жаратылыс екенін ұмытпау керек. “Еркектер әйелдерге басшы. Өйткені, Алла бірін – бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар, мал-мүліктерінен пайдаландырады. (Әйелдерге махр, нафақа береді). Ал, жақсы әйелдер – бой ұсынушы, Алла қорғауға бұйырған абыройын қорғаушы” делінген. Алла әйелді еркекке аманат етіп жаратты. Себебі Алла жаратқан әрбір затының бұл өмірдегі орны мен өзіндік құқықтарын міндеттеген. Осы тұрғыда еркек маңдай термен нәпақа тауып, отбасын асырап, әйелінің бар қажетін көтеріп, жағдайын жасау міндеттелсе, әйел еріне мойынсұнып, бала тауып, дүниесін қорғаған. Әйел адам – ол Алланың көркем жаратылыстарының ішіндегі тәні нәзік, жаны сұлу жаратылыс. Оның жаратылысының күштілігі – әлсіздігінде. Сондықтан ер мен әйелдің тең болуы мүмкін емес. Қай жағынан алып қараса да әйел ерден бір саты төмен. Нәзік жаратылысымен отбасына мейірім, махаббат, жылулық көрсетер болса, ерлер қауымы өз аманатына қиянат жасамай, қорған болары хақ.
Назира МҰҚАТАЕВА