» » ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты

ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты

 Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы дезинфекциялық заттарды шашу немесе фумигация жасау шараларының тиімсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұйым мамандары затты залалсыздандыру үшін арнайы құралдар мен шүберекті қолдануға кеңес беріп отыр. Оған дейін органикалық кірдің қалдықтарын щеткамен алып тастаған жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дезинфекциялық құралдардың далада өз тиімділігін жоғалтатынын да жеткізді. Себебі арнайы химикаттар сазбен араласқанда вирусқа қарсы әсері жойылады. Ал жабық бөлмеде ондай дезинфекция адам денсаулығына зиян.
«Ондай құралдарды адамдарға, мәселен, дәліздерде, кабинеттерде және тағы басқа бөлмелерде шашуға болмайды. Ондай шаралар психологиялық тұрғыдан да, физиологиялық жағынан да зиянды және науқас адамнан коронавирустың ауамен немесе тікелей қатынас арқылы таралуын тоқтата алмайды», – делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, дезинфекциялық құралдарды фумигациялау кезінде көз бен теріні тітіркендіріп, бронхтардың қысылуына әкеліп соқтыруы ықтимал. Адамның жүрегі айнып, құсуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша коронавирустың жұқтырғандардың саны күн сайын артып келдеі. Науқастардың жалпы саны 4,5 миллион адамнан асты. 300 мыңнан астам адам қайтыс болды.

18 мамыр 2020 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031