» » Қызылорда облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады

Қызылорда облысының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады


Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 18-ші мамырдан бастап аймақта ХҚО-лар өз жұмыстарын бастады.
Азаматтардың денсаулығы мен өміріне алаңдаушылық тудыратын вирустың таралу қаупінің сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы, egov.kz сайтындағы арнайы сервисі немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.
Айта кетейік, бұл жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.
Сонымен, қалаға қарасты №1 бөлім (Ғ.Мұратбаев к-сі, 2 Е), №2 бөлім (Қорқыт ата к-сі, 123), №3 бөлім (Ақмешіт, 1 Б), №4 бөлім (Б.Асқар к-сі, 47), халыққа қызмет көрсету орталықтары және мамандандырылған бөлім (Жаңадария, 91 Б) кезек уақытын алдын ала брондау арқылы қызмет көрсетеді.
Ал көші-қон орталығы (Х.Бектұрғанов 70 к-сі, 47) мен аудандық бөлімдер бұрыңғы режимде жұмыс жасайтын болады. Жұмыс кестесі: 9: 00-17:00.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Онда азаматтар өзіне қажетті қызмет түрлерін ала алады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары келесі мекенжайларда орналасқан:
- Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты
- Ә.Тәжібаев облыстық кітапханасы
- Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы
- «Бақытты отбасы» орталығы
- Қаламыздағы автосалондар ғимараты
- «Энергосервис» мекемесі
- Барлық пәтер иелері кооперативтері ғимараты
- Тұрғын үй жинақ банкі ғимараты
- Қалаға қарасты барлық мектептерде
Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып біледі, ондағы ХҚО операторларынан кеңес ала алады.

18 мамыр 2020 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031