» » Қызылордалық дәрігерлер қонақүйге орналастырылды

Қызылордалық дәрігерлер қонақүйге орналастырылды

Сыр өңіріне белгілі кәсіпкерлер – Қайрат Боранбаев коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді жекеменшік қонақүйіне орналастырды. Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақтары беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
«Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. Індетпен күресуге атсалысып жатқан медицина мамандарының барлығы ыстық тамақ, жатын орын, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкер орналастырылған. Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.
11 сәуір 2020 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031