» » COVID – 19: Қызылордалық дәрігерлерге 150,9 млн үстемақы бөлінді

COVID – 19: Қызылордалық дәрігерлерге 150,9 млн үстемақы бөлінді

  Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың наурыз айында Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 150,9 млн. теңге үстемеақы бөлінді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге 238,8 млн. теңге бөлінген.
Сондай-ақ, эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 150,9 млн. теңгеден астам үстемеақы қарастырылған.
Бұдан бөлек, полимеразды тізбекті реакция арқылы биологиялық материалдан COVID-19 вирусының РНҚ (рибонуклеин қышқылы) анықтау үшін диагностикалық зерттеуге 60,2 млн. теңге бөлінді.
«Қордың облыстық филиалы 2020 жылғы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын өзгерту үшін тиісті өтінім жолдады», – деді Б. Исмаханбетов.
Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін алады.
Облыстық филиал директоры төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша наурыз, сәуір, мамыр айларында жүргізілетінін атап өтті.
Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
Ал, қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.
08 сәуір 2020 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031